01
шілде
2023
ЖАКСЫКЕЛДИЕВА Нургуль Ажакаевна
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Жаксыкелдиева Нургуль Ажакаевна.2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Арыс қаласы С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
3. Жынысы: әйел
4. Туған күні, айы, жылы: 10.06.1977 ж
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті, тарих пәні мұғалімі. (2001ж)
7. Жалпы жұмыс өтілі: 22 жыл
8. Педагогикалық жұмыс өтілі: 22 жыл
9. Лауазымы бойынша: 2 жыл 3 ай
10. Санаты: педагог-сарапшы
11. Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Жаксыкелдиева Нургуль Ажакаевна 1977 жылы 10-маусымда Ордабасы ауданы Бөген су қоймасында дүниеге келген.
1984-1994 жылдар аралығында Ордабасы ауданы Бөген су қоймасында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебін үздік бітірді.
1995-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті, тарих пәні мұғалімі мамандығын алды.
С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2002 жылдан бері тарих пәнінің мұғалімі, 2021-2022 оқу жылынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарады.
Қызмет барысында еңбегі еленіп, төмендегідей марапаттарға ие болды:
- 2016 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасында өткен Алтын ұрпақ зияткерлік олимпиадасында оқушысы жүлделі 1-ші орын алған үшін Алғыс хат.
- 2017 жыл «Алаш қозғалысы» құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген «Азаттықты аңсаған Арыстарым ардақты» атты шығармашылық байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталады.
- 2018 жыл Нұр-Отан партиясы Арыс қалалық филиалының Алғыс хаты.
- 2019 жыл қала әкімі М.Қадырбектің алғыс хаты.
- 2022 жыл Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хаты.
6. 2022 жыл Тарих пәні бойынша 7-11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиадасында шәкірттері жеңімпаз болғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.