04
шілде
2023
БӨТЕНБАЙ Гүлбану Байжанқызы
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Бөтенбай Гүлбану Байжанқызы
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі қарасты «С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мектеп директорының оқу ісінің жөніндегі орынбасары, тарих және география пәнінің мұғалімі
3. Жынысы: әйел
4. Туған жылы: 20.04.1975 жылы
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары, Алматы Үздіксіз Білім Беру Университеті 1998-2002 жж
7. Жалпы жұмыс өтілі: 28 жыл
8. Саладағы жұмыс өтілі: 28 жыл
9. Осы қызметтегі жұмыс өтілі: 10 жыл
Бөтенбай Гүлбану Байжанқызы 1975 жылдың 20 сәуір күні Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы, Шұбар ауылында дүниеге келген.
1982-1992 жылдар аралығында Бөген ауданы, Бадам елді мекенінде С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде оқыған.
1998-2002 жылдар аралығында Алматы Үздіксіз Білім Беру Университетінің тарих және география факультетін бітірген.
2002 – 2004 жылдар аралығында Ордабасы ауданы, «Бадам» жалпы орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.
2004-2013 жылдар аралығында Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тарих және география пән әдіскері қызметін атқарды.
2013-2021 жылдар аралығында Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Қазіргі уақытта осы қызметті абыроймен атқарып келеді.
Жалпы еңбек өтілі 28 жыл, оның ішінде 10 жыл С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етеді.
Отбасылы: Жолдасы Джакипбеков Нұралы Сейтович жеке кәсіпкер. Үш ұлды тәрбиелеуде.
Өзінің кәсіби деңгейін үздіксіз көтеру арқылы еңбегінің нәтижесі төмендегідей:
- 2010 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы Б.Көмекбаеваның «Құрмет грамотасы»;
- 2014 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Алғыс хаты»;
- 2014 жылы – Арыс қалалық мәслихат хатшысы Т.Тулбасиевтің «Құрмет грамотасы»;
- 2015 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқарма басшысы А.Елшиеваның «Алғыс хаты»;
- 2017 жылы – Білім саласы қызметкерлеріне арналған «Мұғалім еңбегі – рухани жаңғыру негізі» атты республикалық конференцияға қатысып, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директоры Н.А.Жолтаеваның «Дипломы»;
- 2017 жылы – Білім және ғылым қызметкерлері Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мухаевтің «Алғыс хаты»;
- 2018 жылы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Құрмет грамотасымен» марапатталды;
- 2018 жылы – «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиетің «Алғыс хаты»;
- 2019 жылы – Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Садықованың «Құрмет грамотасы»;
- 2019 жылы – Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің «Алғыс хаты»;
- 2020 жылы – Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан білім саласындағы мемлекеттік бақылау іс-шараларын жүргізуде өзіне жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде орындағаны үшін Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Мухамеджановтың «Алғыс хаты»;
- 2021 жылы – Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарма басшысы Р.Жолаевтің «Құрмет грамотасы»;
- 2021 жылы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің «Алғысымен» марапатталды;
- 2022 жылы – Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың «Алғыс хаты»;
- 2022 жылы – Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының оқыту мен тәрбие беру тәжірибесін жетік меңгерген, білім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтерудің және оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің үздік үлгісін көрсетіп жүрген мектеп директорларының орынбасарларының арасында ұйымдакстырылған «Үздік орынбасар-2022» байқауының бас жүлде иегері атанып, төсбелгімен марапатталды;
- 2022 жылы – Республикалық «Жылдың үздік авторы – 2022» атты шығармашылық байқауының «Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директоры Н.А.Жолтаеваның І дәрежелі дипломымен марапатталды;
- 2022 жылы – Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.
