02
шілде
2023
БАЙДҮЙСЕНОВА Назира Койбагаровна
1.Тегі, аты, әкесінің аты: Байдуйсенова Назира Койбагаровна2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Түркістан облысы,Арыс қаласы С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
3.Жынысы: әйел
4.Туған жылы, күні, айы: 27.01.1972 жыл
5.Ұлты: қазақ
6.Білімі: жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, химия және биология пәні мұғалімі (1994 ж)
7.Жалпы жұмыс өтілі: 29 жыл
8.Саладағы жұмыс өтілі: 25 жыл
9.Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі: 29 жыл
10.Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Байдуйсенова Назира Койбагаровна 1972 жылы 27 қаңтар айында Түркістан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1979-1989 жылдар аралығында Арыс қаласындағы С.М.Киров атындағы жалпы орта мектебінде оқыды.
1989 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1994 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің химия биология пәнінің мұғалімі факультетін оқып бітірді. Еңбек жолын 1994 жылдан бастап Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі болып бастады. 1998 жылдан бастап осы аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ауысып, қызмет атқарып келеді. Отбасылы, отбасында 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр. Қалалық,облыстық семинарларда үздік сабақтар өткізіп, республикалық баспа беттерінде «Шалқар шыңдары»газетіне, «Ғылыми ізденіс»республикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары», «Қазіргі заманғы педагогикалық зерттеудің өзекті мәселелері»атты ғылыми тәжірибелік конференциға қатысып, «Didaktika» республикалық журналына биология пәнінен «Есту мүшесінің құрылысы және маңызы» атты мақаласы жарияланып, өз біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білгені үшін, білім саласындағы әдістемелік бағыттардың дамуына қосқан үлесі үшін I дәрежелі дипломы мен Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ «Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері» және «Биология – генетикалық анализ негіздері» атты авторлық бағдарламалары республика көлемінде таратылды. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының I дәрежелі дипломы мен Құрмет грамотасымен марапатталды.
Еңбек жолында атқарған еңбегі еленіп, төмендегідей марапатқа ие болды.
2013ж Оңтүстік Қазақстан облысы «Білім беру ісінің үздігі» белгісі.
2017ж «Мұғалім еңбегі-рухани жаңғыру негізі»атты республикалық конференцияға қатысып,саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін I дәрежелі дипломымен марапатталды.
2020 жылы «Nur Otan» партиясының Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
2021, 2023 жылы Білім беру жүйесінде сала қызметкерлерінің әлеуметтік қорғауда атқарған көпжылдық мүлткісіз және белсенді еңбегі үшін Облыстық Құрмет грамотасы.
2013, 2021 жылы Арыс қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және ерекше қызметі үшін Арыс қалалық мәслихат хатшысы грамотасы.
2021 жылы ҚР парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттарын сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқаны үшін, Отанымыздың игілігі мен өркендеуіне қызмет еткені үшін Алғыс хаты .Б.Байбек
2017, 2021 жылы ҚР Тұңғыш Президент күніне орай,Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қала әкімінің Алғыс хаты. Г.Құрманбекова Арыс қаласының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және ерекше қызметі үшін Арыс қалалық мәслихаты хатшысы грамотасымен марапатталды 2021 жыл.
2021 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие берудегі игілікті істер мен шығармашылық ізденістер танытқан белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін Түркістан облыстық «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру орталығының МАДАҚТАМАСЫ
2022 жылы AMANAT партиясының қоғамдық штабының жұмысын жандандыруға сіңірген еңбегі үшін Алғыс хат.
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қ.Тоқаевты қолдау жөнінде үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаныңыз үшін Алғыс хат Е.Қошанов
2022 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі мен білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ.