28
маусым
2023
АЙДАРОВ Оразхан Байларович
1. Тегі, аты, әкесінің аты: Айдаров Оразхан Байларович2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Арыс қаласы. С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Жынысы: ер
4. Туған жылы, күні, айы: 28.01.1963 ж
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары, қазақ –өзбек инженерлік университеті дене шынықтыру пәні мұғалімі (2002 ж)
7. Жалпы жұмыс өтілі: 39 жыл
8. Саладағы жұмыс өтілі: 38 жыл
9. Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі: 6 жыл
10. Кәсіби, жеке қасиеттерін бағалау:
Айдаров Оразхан Байларович 1963 жылы 28 қаңтар күні Арыс қаласында дүниеге келген. 1970-1980 жылдары Арыс қаласындағы Ә. Жангельдин атындағы мектебінде оқыды.
2002 ж Қазақ –өзбек инженерлік университеті дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірді.
1981-1983 жыл аралығында әскери борышымды өтеп келді.
1984 жылы Арыс қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне баскетбол спорт түрінен жаттықтырушы қызметін атқарды.
1986-2006 жылдар аралығында Арыс қаласындағы Ә.Жангельдин мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарды.
2006-2012 жылдар аралығында Арыс қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директор қызметін атқарды.
2017 жылы С. Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, қызметін бүгінгі күнге дейін атқарып келеді.
Қызмет барысында еткен еңбегі үшін төмендегідей марапттарға ие болды:
2020 ж Түркістан облысы Арыс қаласы әкімдігінен Диплом.
2018 ж Қ.Р. О.Қ.О. қоғамдық бірлестігі «Халық құрметі» медалі
2021 ж Республикалық «Ауғаныстан ардагерлері » қоғамынан «Қазақстан патриоты» медалі.
2018 ж Қ. Р. «Қазақстан ардагерлері» медалі
2017 .Қ. Р. Білім мен ғылым М. Әуезов атындағы ОҚМУ Алғыс хат
2017 жыл – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты.
2012 ж Б. Момышұлының «Батыр шапағаты» медалі