ЖУМАБЕКОВ Амангали Маханович » «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72540) 2-06-33
Есепші бөлімі:
+7 (705) 895-00-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қазан
2023

ЖУМАБЕКОВ Амангали Маханович

Мен, Жумабеков Амангали Маханович. Түркістан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекенінде  1978 жылы   13-ші  сәуірде дүниеге  келдім. 1985 жылы  М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебіне 1-сыныпқа қабылдандым.  Аталған мектепті 1995 жылы 11-сыныпты бітірдім.

1997 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетке түсіп, 2001 жылы АӘД және дене шынықтыру факультетін бітірдім. 

2001-2002 жылдар аралығында Алматы қаласында әскери борышымды өтедім. 

Еңбек жолымды 2003 жылы М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебіне Алғашқы әскери жетекші қызметімен жұмысымды бастадым. 

2013 жылы Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінде тарих факультетін бітірдім. 

2013-2017 жылдар аралығында М.Маметова атындағы жалпы орта мектебіне директор қызметін атқардым.

2017-2021 жылдар аралығында Жиделі ауыл округ  әкімі болып жұмыс атқардым. 

2021 жылы С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне директор қызметіне тағайындалып,  қызмет атқарып келемін.

Отбасымда жолдасым  Құралбаева Айгулмен 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасым М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.

Еңбек жолымда атқарған еңбегім еленіп, төмендегідей марапаттарға ие болдым.

2021 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың «Арыс қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталдым.

2022 жылы Түркістан облысы, Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекованың «Алғыс хаты»;

2022 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты»; 

2022 жылы Арыс қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Алғыс хаты»;

2023 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хаты»;

2023 жылы Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив