БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72540) 2-06-33
Есепші бөлімі:
+7 (705) 895-00-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қараша
2024

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Түркістан облысы Білім  басқармасының Арыс қаласы білім  бөлімінің «С.Қожанов атындағы жалпы  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бос орынға конкурс жариялайды.

Сейсенбі 05 қараша 2024 жыл

«Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының бірінші басшылары  мен  педагогтерін  лауазымға тағайындау, лауазымнан босату  қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің  2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына  өзгеріс  енгізу  туралы Қазақстан  Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2023 жылғы  15 тамыздағы  №259 және  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №343 бірлескен бұйрығын (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 23 тамызда №33320 болып тіркелді)  басшылыққа  ала отырып:     Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім  бөлімінің «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі бос және уақытша бос лауазымдарына тағайындауға конкурс жариялаймыз.
    Тұрақты математика мұғалім лауазымы (16 сағат) ең төменгі айлық жалақысы 186000 теңге.
Конкурсқа қатысуға құжатттарды  қабылдау конкурс өткізу туралы  хабарландыру  жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
   4) Педагогтердің  үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
   5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес  нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кондидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру)  кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы-720х480
     Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттарының көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/ немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог кез-келген кезеңінде конкурстан шеттетіледі.
Конкурс нәтижелері, конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілетін күні мектептің әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.

Құжаттарды қабылдау орнының мекен жайы: 
Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, №1 ғимарат. «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1-ші қабаты, №5 кабинеті, қабылдау бөлімінің байланыс телефоны: 8(72540)2-06-33, Электронды поштасы: shkolIa.kozhanov@bk.ru.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив