БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ » «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
Түркістан облысының білім басқармасының
Арыс қаласының білім бөлімінің
«С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (72540) 2-06-33
Есепші бөлімі:
+7 (705) 895-00-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қазан
2022

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің «С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
1.Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1 бірлік).
2.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі(2 бірлік).

       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  дипломы  немесе қайта даярлаудан өткендігі  туралы сертификатының, “педагог” санатының болуы.
Конкурс «Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының бірінші басшылары мен Мемлекеттік білім беру  ұйымдарының  бірінші  басшылары  мен педагогтерін  лауазымға   тағайындау, лауазымға  босату  қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57  бұйрығына  өзгерістер енгізу туралы Қазақстан  Республикасы Білім  және  ғылым  министрінің  2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Білуге міндетті: «Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог  мәртебесі  туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңдарын  және  білім  беруді  дамытудың бағыттары мен перспективаларын  айқындайтын  басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика  және  психология негіздерін,  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік  оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым  мен қауіпсіздік  техникасы мен өртке  қарсы  қорғау  ережелері  мен  нормаларды.
Лауазымдық   жалақысы:  ағылшын  тілі пәнінің мұғалімі бойынша  206 701 теңге  (еңбек сіңірген жылдарына  байланысты)
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  бойынша 206 701 теңге  (еңбек сіңірген жылдарына байланысты).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысын бойынша қоса берілетін құжаттардың  тізбесін  көрсете  отырып, Конкурсқа  қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіннен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса):
4) Педагогтердің  үлгілік  біліктілік  сипаттамаларымен  бекітілген лауазымға қойылатын  біліктілік  талаптарына  сәйкес  білімі туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса);
5)еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
6)  «Денсаулық  сақтау саласындағы есепке  алу  құжаттамасының нысандарын бекіту  туралы» Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау министрінің  міндетін  атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы  №  ҚР ДСМ-175/2020  бұйрығымен   бекітілген  нысан  бойынша  денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу  тізілімінде №21579  болып  тіркелген).
7) психоневралогоиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық  ұйымнан  анықтама;
9) Ұлттық  біліктілік  тестілеу сертификаты  (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың,  педагог-сарапшының,  педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының  болуы  туралы  куәлік (болған жағдайда).
10) 11- қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің  бос  немесе уақытша бос лауазымын кандидаттың  толтырылған  бағалау парағы.
Конкурстық құжаттар: Арыс қаласы,  Әл-Фараби  №1.  С.Қожанов атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінің 1 қабаты ,  №5 кабинетте қабылданады.
Байланыс телефондары : 8777-407-17-93
Электронды адрес: shola.kozhanov@bk.ru
Құжат қабылдау мерзімі:  2022 жылдың  18 қазан  мен  27  қазан (демалыс күндерін  қоспағанда , 27 қазанды  қоса  алғанда)  аралығында  жүргізіледі .
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив